Ресми ақпарат

Спорт сарайы 1967 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесіне қарасты дене тәрбиесі және спорт бойынша Мемлекеттік комитеттің тапсырысы бойынша құрылған. Хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша оқу-жаттығу сабақтары және жарыстар өткізілетін мұз аренасы жылына 9 ай жұмыс жасады.  Спорт сарайында бокстан, баскетболдан, каратэдан, бүкілодақтықтық және республикалық жарыстар өткізілген, эстрада әртістерінің өнерлері және мұздағы балет, халықаралық және республикалық жәрмеңкелер өткізілді. 

КСРО тараған соң Алматы Спорт сарайы қайта жаңғырғандай болды, оның басты себебі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, қала әкімі А.С.Есімовтың қызығушылығы мен назар аударуы арқылы, оның күрделі қайта жабдықталуында, ішкі және сыртқы бетінің қайта құрылуы болды, бұл өз көрінісін спорттық кешенде хоккей бағдарламасын және 2011 жылы қысқы Азиаданы жабу салтанатты рәсімін өткізумен өз орынын тапты.   

Дворец спорта им. Балуан Шолака Дворец спорта им. Балуан Шолака

Азия ойындарын өткізгеннен кейін қсяайта құрылған Спорт сарайын белсенді пайдалану басталды: бұнда 2010-2011 футзал бойынша УЕФА Кубогының Финалы, 2011 волейбол бойынша Әлемдік Гран-При жүлдесінің сатысы, 2011 Дзюдо бойынша әлемдік Кубоктың сатысы, 2013 әйелдер волейболы бойынша Әлемдік Гран-При жүлдесінің сатысы, 2013 бокс бойынша Әлем чемпионаты, 2014 Ауыр атлетика бойынша Әлем чемпионаты, 2015 ММА бойынша халықаралық турнир, 2015 керлинг бойынша тынық мұхит-азия чемпионаты, 2016 ерлер және әйелдер арасында волейбол бойынша әлемдік Гран-При кезеңі, 2016 дзюдодан Әлем кубогы кезеңі өткізілді. 

2017 жылы Әлемдік қысқы Универсиаданың 28-ші жарыстары: әйелдер арасында шайбалы хоккей және шорт-трек сәтті өткізілді.  Қазіргі кезде Спорт сарайында олипиадалық спорт  түрлерінен континентальдық және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай ақ қазақстандық және шет елдік эстрада жұлдыздарының концерттік шоу бағдарламалары жиі өтеді.

Б.Шолақ атындағы Спорттық-мәдени кешені өз шығынын өзі өтеу режимінде болғандықтан, оның қаржылық және техникалық жағдайы толығымен ғимараттың, негізгі демонстрациялық аренаның, мұз сырғанағын тәулік бойғы дайындығы, барлық коммуникациясын ұстап тұру үшін көп күш жұмсайтын басшылықтың сапалы менеджментінен толық тәуелді. 

Спорт Сарайының ғимараты мұз аренасы бар 4 қабатты құрылыстан, топтық ғимараттың вестибюлінен, асхана, жер астылық VIP парковкка, технологиялық және дәліздік, жүктеу, барлық қосалқы ғимараттарымен, төрешілер бригадасына арналған бөлме, қауіпсіздік қызметі, киім ауыстыратын жер, спорттық жадбықтар үшін ғимаратпен, мұз жинайтын машиналарға арналған бокс, VIP қызметкерлер үшін эвакуациялық баспалдақ және лифттерімен, әкімшілік және қызметтік бөлмелерінен тұрады. 

Объектінің жалпы алаңы 1,6216 га құрайды. Спорт сарайында мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккейден секциялар бар, кіші мұз аренасының мұз айдынында жаппай сырғанаулар өтеді.  Сондай ақ пресс-конференциялар, семинарлар, көрмелер және концерттерді жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар ұсынылады. 

«Балуан Шолақ» атындағы Спорт Сарайының Мұз Аренасы - жыл бойы жұмыс істейтін, біздің қаламыздағы ең үлкен жабық сырғанақтардың бірі.  

Дворец спорта им. Балуан Шолака

Спорт сарайы мегаполистің орталығында орналасқан.  Орталық стадионмен, «Promenade» сауда орталығының ғимаратымен шектеседі, оңтүстік жағында  «Астана» қонақ үйі бар, Абай даңғылына және Байтұрсынов көшесіне кіруге және шығуға болады, жанында метро станциясы бар.  Алматы қаласының орталығында орналасуына байланысты, сырғанаққа келуді жайлы және жағымды бос уақытты өткізуге айналдырады. 

Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы - бір мезгілде 5000 көрерменге дейінгі кіргізу қабілеті бар әмбебап спорттық құрылыс.  Соның ішінде спорттық мектептерге, секцияларға, хоккей, шорт-трек командаларына, мәнерлеп сырғанаушыларға оқу-жаттығу процесін, ойындарды және мұз үстінде дайындалу сабақтарын жүргізу үшін мұз алаңын жалға беру қызметін ұсынады. 

Біз температурасы +17 С; ылғалдылығы 44%; мұз үстіндегі температура  -5 С жайлы микроклиматты, жаңа жайлы киім ауыстыратын мекемелерді, жабық паркингтегі ыңғайлы парковканы ұсынамыз.

Сондай ақ «Балуан Шолақ» атындағы Спорт сарайы концерттерді, шоу-бағдарламаларды, мұз шоуларын өткізу, волейбол, мини-футбол, самбо, грек-рим күресі, еркін күрес, бокс және басқа жарыстарды өткізу бойынща қызметтерін ұсынады