SHOESSTAR ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЯҚ КИІМ КӨРМЕСІ

 

Наурыз 17, 2018

SHOESSTAR-ASIA Қазақстан IX көрмесі

18-20 наурыз аралығында Алматыда Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді

SHOESSTAR халықаралық аяқ киім көрмесі жылына екі рет жеті қалада өткізіледі: Екатеринбургта, Новосибирскте, Хабаровскта, Иркутскта, Алматыда, Краснодарда және Ялтада. Көрмеде аяқ киім дүкендерінің иелері мен тауартанушылар ересектерге және балаларға арналған аяқ киімнің жаңа топтамаларымен танысады.

Аяқ киім өндірушілері мен дистрибьюторлары өңірлік ерекшеліктерді ескеріп, дүкендердің иелері шығындарын оңтайландыру үшін көрмелер тікелей өңірлердің өзінде өткізіледі.

SHOESSTAR — өңірлердегі бизнесті дамытуға арналған жалғыз халықаралық көрме

Жыл сайын әлемнің 24 елінен келген 245 сауда белгісі көрмеде өздерінің аяқ киімдерін, сөмкелерін, былғары галантереясын, аксессуарларын, қолшатырларын, аяқ киім косметикасын және күтім құралдарын ұсынады.

барлығы соңғы жаңалықтар »