Әкімшілік: +7 (727) 292-38-77
Жұмыс тәртібі: Дү - Же 09:00—18:00
Мамыр 11, 2018
«Стрижи» хоккей командасының жеңімпаздары бар шкафта Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында бос орын жоқ! Өткен күні «Стрижи-2007» командасы «А» тобында хоккейден Қазақстан Республикасының Чемпионатының алтын кубогын жеңіп алды!
«А» тобында хоккейден ұлттық чемпионаттың төрт кезеңінде команда 28 матч өткізіп, олардың 24-де жеңіске жетті. Хоккей ойыншылары 155 гол соқты. Команда елдегі ең күшті бәсекелестермен ойнады, сондықтан ойын қарқындылығы әрдайым шекті деңгейде болды! «Стрижи-2007» чемпионатында 74 ұпай жинады! Ал команданың пайдлылық көрсеткіші 98 болды!
Жігіттерді, бапкерлер штабын және қолдау тобын құттықтаймыз! Бәрекелді!