Баскетболдан әлем чемпионатының квалификациясы Қазақстан-Жапония

 

Қырқұйек 13, 2018

13 қыркүйек, бейсенбі күні, Қазақстанның Ұлттық құрамасы қарсыластары Күншығыс елінің өкілдері болатын, Квалификация екінші раундының бірінші ойын терезесі аясында бірінші матчын өткізеді.

Бүгінгі күнде, Қазақстан мен Жапония – F тобының жарыс кестесіндегі көршілес құрамалар, біздің құрама төртінші орынды иеленсе, олардың болашақ қарсыластары соңғыдан бұрынғы бесінші орында.

Қазақстандықтардың қалыптасқан басымдылығына қарамастан, Жапония құрамасымен паркеттегі танысуы аса қызықты болатын түрі бар және принципшіл жеңіс үшін қатал күреске апаруы мүмкін.

Матч Алматыда, Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайының алаңында өтеді. Басталуы, Алматы уақыты бойынша, сағат 20:00-де. Матч билеттерін Ticketon.kz және Kassir.kz сайтында сатып алуға болады.

Барша спорт сүюші қауымды, қазақстандық баскетбол бағалаушыларын және де құрама жанкүйерлерін алдағы матчтарда күтеміз.

Сіздердің демеулеріңіз біз үшін өте маңызды!

барлығы соңғы жаңалықтар »